Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 2-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 мамырда № 3072 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы №19-5 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2098 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қаңтарында №3 (17860) "Ақ жол" газетінде жарияланған);
      "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы №19-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-8 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2464 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қаңтарында №9 (18013) "Ақ жол" газетінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыстық мәслихат
      хатшысы Б. Қарашолақов

  Жамбыл облысы мәслихатының
2016 жылғы "29" сәуірдегі
№2-4 шешіміне қосымша

Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы

Ереже

1. Жалпы ереже

      1. "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы" Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) мәслихат марапаты болып табылады.
      3. Құрмет грамотасымен марапаттау азаматтардың көп жылғы жемісті еңбегіне құрмет көрсету және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан айрықша үлесі үшін көрсетілетін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады.

2. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар

      4. Құрмет грамотасымен өз қызмет саласында кем дегенде 10 жыл еңбек өтілі бар Жамбыл облысының азаматтары марапатталады.
      5. Құрмет грамотасымен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген еңбек озаттары, ардагерлер, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, өндірістік және қоғамдық-саяси қызметте белсенділік танытқан және ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, халыққа қызмет көрсету салаларын, шағын және орта бизнесті, заңдылық және құқықтық тәртіпті, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді, мемлекеттік қорғанысты нығайту ісіне өз үлесін қосқан облыс азаматтары марапатталуы мүмкін.
      6. Құрмет грамотасымен Жамбыл облысының еліміздегі және шет елдер-дегі қоғамдық танымалдық оң келбетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы мен шетел азаматтары марапатталуы мүмкін.
      7. Құрмет грамотасымен:
      1) үміткерді марапаттауға ұсыну барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған;
      2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған;
      4) үміткерді марапаттауға ұсыну барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте әкімшілік және тәртіптік жазасы өтелмеген немесе алынбаған тұлғалар;
      5) құқық қорғау органдарынан, арнайы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған тұлғалар марапатталмайды.
      8. Құрмет грамотасымен қайталап марапаттау жүргізілмейді.
      9. Еңбек етіп жүрген кездерінде мерейжасқа байланысты марапаттау жүргізілмейді.
      10. Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну кезінде тиісті қаланың немесе ауданның Құрмет грамотасымен марапатының болмауына байланысты жоғарыда аталған марапаттың берілмеуі мүмкін.

3. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі

      11. Құрмет грамотасына ұсынылған әрбір азаматқа Ереженің қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы толтырылады. Марапаттау қағазында марапатталатын тұлғаны сипаттайтын толық мәліметтер, сол саладағы және сол ұжымдағы жалпы еңбек ету өтілі, жұмыс сапасы мен тиімділігі туралы жоғарғы көрсеткіштері және басқа да қажетті мәліметтер жазылады. Бұған дейін алған марапаттарының көшірмелері тіркелуі тиіс.
      12. Марапаттау қағазына кәсіпорын, ұйым және мекеме басшысы қол қояды және дұрыс енгізілген мәліметтер үшін жеке жауапкершілікте болады. Марапаттау қағаздары кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің мөрімен бекітіледі.
      Дұрыс толтырылмаған және белгіленген үлгіге сәйкес емес марапаттау материалдары қарауға қабылданбайды.
      13. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы өз кандидатураларын өз бетімен ұсынған тұлғалардан келіп түскен материалдар қаралмайды.
      14. Марапаттау бойынша ұсыныстарды алдын ала қарау және әзірлеу үшін мәслихаттың өкілеттілік мерзіміне орай марапаттау жөніндегі комиссия құрылады (одан әрі - Комиссия).
      15. Комиссия отырысы айына 2 рет өткізіледі және мәслихат хатшысының атына марапаттау жөнінде жіберілген ұсыныстар марапаттау күніне дейін 10 күн бұрын қабылданады.
      16. Облыстық мәслихатқа "Қазақстан Республикасының мерекелер туралы" Заңымен бекітілген ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты марапаттауға ұсынылатындар саны:
      1) облыстық департаменттер мен облыс әкімдігінің басқармалары әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 5-тен аспауы тиіс;
      2) облыстық ұйымдар әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 3-тен аспауы тиіс;
      3) қалалық және аудандық әкімдіктер мен мәслихаттар әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 3-тен аспауы тиіс.
      Облыстық маңызы бар қала және аудандық мәслихаттарға "Қазақстан Республикасының мерекелер туралы" Заңымен бекітілген ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты ұсынылатын марапатталушылардың саны:
      1) аудандық басқармалар мен қалалық және аудандық әкімдік бөлімдері әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 5-тен аспауы тиіс;
      2) аудандық ұйымдар әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 3-тен аспауы тиіс.
      17. Облыстық мәслихатқа кәсіби мерекелерге байланысты марапаттауға ұсынылатындар саны:
       1) облыстық департаменттер мен облыс әкімдігінің басқармалары әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 5-тен аспауы тиіс;
       2) облыстық ұйымдар әрбір марапаттау күніне 2 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 6-дан аспауы тиіс;
       3) қалалық және аудандық әкімдіктер мен мәслихаттар әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 3-тен аспауы тиіс.
      Облыстық маңызы бар қала және аудандық мәслихаттарға кәсіби мерекелерге байланысты ұсынылатын марапатталушылардың саны:
       1) аудандық басқармалар мен қалалық және аудандық әкімдік бөлімдері әрбір марапаттау күніне 2 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 6-дан аспауы тиіс;
       2) аудандық және қалалық ұйымдар әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 3-тен аспауы тиіс.
      18. Барлық мекемелер мен ұйымдар марапаттауға ұсынып отырған кандидаттың өз қызметкері болып табылмаған жағдайда қызмет істеу саласы бойынша жоғары тұрған ведомстволық мекеменің келісуі арқылы Құрмет грамотасымен марапаттауға үміткерлерді ұсынады.
      Құрмет грамотасымен марапаттауға кандидаттар ұсыну кезінде мекеменің қызметкерлер саны 500-ге дейін адам болған жағдайда 1 ғана үміткер, ал 500-ден астам қызметкерлері бар мекемелер 5-ге дейін үміткер ұсына алады.
      19. Комиссия шешімі комиссия құрамының жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
      20. Комиссия отырысына комиссия құрамына кірмейтін және дауыс беру құқығы жоқ мәслихаттың депутаттары қатыса алады.
      21. Комиссия отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің басым көпшілігінің ашық түрде дауыс беруі арқылы шешім қабылдайды.
      22. Комиссияда қаралған ұсыныстардың қорытындысы туралы кандидатураны ұсынған органға хабарлайды және тиісті хаттама толтырады.
      23. Комиссияның ұсынысы бойынша мәслихаттың хатшысы марапаттау туралы өкім шығарады және ол өкім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланады.
      24. Құрмет грамотасын мәслихаттың хатшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағалары, мәслихат аппаратының басшысы мен оның орынбасары, облыстық, аудандық және қалалық атқарушы органдардың басшылары тапсыра алады.
      25. Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда орнына көшірмесі берілмейді.
      26. Құрмет грамотасы келесі сипаттамада болуы қажет:
      1) Құрмет грамотасы мұқабадан және ішіне өкімнің мәтіні жазылған қосымша қағаздан тұрады;
      2) мұқаба түрлі - түсті қалың қағаздан жасалып, ішіне ақ қағазбен қатар тоқыма бау желімделген;
      3) мұқабаның көлемі 210х300 миллиметрден (ашылған кезде 420х300 миллиметр) тұрады;
      4) мұқабаның биіктігінің төрттен біріндей деңгейде ортасына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан;
      5) ортадан сәл төменірек: "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы" - деген сөз жазылған;
      6) мұқабаның ішіне салынған ақ қағаздың жалпы көлемі ашылған кезде 290х410 миллиметрден тұрады;
      7) оның бірінші бетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, ішкі бетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы бейнеленген;
      8) ішкі бетіндегі жазулар қазақ және орыс тілдерінде жазылады.

  Жамбыл облысының (қаланың,
  ауданның)" Құрмет
грамотасымен марапаттау
туралы Ережесіне қосымша

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

НАГРАДНОЙ ЛИСТ

1. Тегі, аты, әкесінің аты:
Фамилия, имя, отчество:
2. Лауазымы, жұмыс орны, қызметінің орны (кәсіпорынның, мекеменің, министрліктің, мемлекеттік комитеттің нақты атауын көрсету қажет)
Должность, место работы, службы (указать точное наименование подразделения предприятия, учреждения, организации, министерства, государственного комитета)
 
 
3. Жынысы:
4. Туған жері, жылы:
Пол:
Год и место рождения:
5. Ұлты:
Национальность:
6. Білімі:
Образование:
7. Ғылыми дәрежесі:
Ученая степень, ученое звание:
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік және басқа да наградаларымен марапатталған, марапаттау күні:
Какими государственными и другими наградами Республики Казахстан награжден (а), дата награждения:
9. Соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбағаны туралы мәлімет/ *
Сведения о имеющие судимость, которая не погашена или не снята *
10. Сот арқылы іс-әрекетке қабілеттілігі туралы мәлімет/ *
Сведения о признании судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными *
11.Тәртiптiк жазалар туралы мәлiмет/ *
Сведения о дисциплинарных взысканиях *
12.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны *
үшiн тәртiптiк жазалар қолданылғаны туралы мәлiмет/
Сведения о дисциплинарных взысканиях за совершение *
коррупционного правонарушения
13. Мекен жайы:
 
Домашний адрес:
 
14. Жалпы еңбек өтілі –
15. Саладағы жұмыс өтілі –
Общий стаж работы -
Стаж работы в отрасли –
16. Қазіргі ұжымдағы жұмыс өтілі -
Стаж работы в данном трудовом коллективе –
17. Мінездеме, наградталушының деректері, ерекше сіңірген еңбегі көрсетілген:

Характеристика с указанием конкретных особых заслуг награждаемого:
 
Кандидатура талқыланған және ұсынған
Кандидатура обсуждена и рекомендована
Марапаттауға ұсынады
Представляется к награждению
 

      Басшысы ________________________
      Руководитель (қолы)
      "______"_________________ ______ ж.
      (күні)
      М.О.
      М.П.
      Ескерту: - марапаттау парағындағы деректердің дұрыстығына, қол қойған мекеме тікелей жауапты болады.
      Примечание: - за правильность внесенных данных в наградном листе подписывающая организация несет ответственность.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады