Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 42 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 қаңтарда № 1881 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 15.01.2020 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласының барлық меншік нысандарының ұйымдарына, мекемелеріне, кәсіпорындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.

      Қала әкімі Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады