Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз каласы әкімдігінің 11.12.2013 № 1124 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына сәйкес 2013 жылы нысаналы топтарға жататын келесі адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) мектептер және техникалық, кәсiптiк оқу орындарының түлектерi;
2) бiр де бір жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың мүшелері;
3) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс жасамаған адамдар;
4) некеге тұрмаған және қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары жоқ жалғызілікті азаматтар;
5) елу жастан асқан тұлғалар;
6) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
7) кәсіби даярлау, қайта даярлау курстарынан және жастар тәжірибесінен өткен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының қатысушылары.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
Қала әкімі Б. Орынбеков