2014 жылы нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 1124 қаулы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 2089 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына сәйкес нысаналы топтарға жататын келесі адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) техникалық және арнайы-орта оқу орындарының түлектері;
      2) бір де бір жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың мүшелері;
      3) елу жастан асқан тұлғалар;
      4) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
      2. 2013 жылғы 25 ақпандағы «2013 жылы нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің № 150 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1903 болып тіркелген, 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 15 «Жамбыл -Тараз» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      3 Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Қала әкімі                                 Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады