РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 06-02/65 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Жетітөбе ауылдық округінің Кәріқорған және Шыңбұлақ ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетітөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Сирлибай Валиевич Наврузкуловқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы Б. Сулейманов
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Жуалы аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.А. Бүркітбаев
15 тамыз 2013 жыл
«Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Искаков
15 тамыз 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Ошанов
15 тамыз 2013 жыл