"2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 404 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 мамырдағы № 1946 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 13.01.2014 № 1 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген «Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және олардың қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 19 ақпанында № 1890 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 ақпандағы № 29-30 «Қордай шамшырағы» газетінде жарияланған) қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған қосымшаның:
      1-ші тармағындағы «5» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
      2-ші тармағындағы «12» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын;
      5-ші тармағындағы «6» деген сандар «7» деген сандармен ауыстырылсын;
      8-ші тармағындағы «7» деген сандар «8» деген сандармен ауыстырылсын;
      17-ші тармағындағы «5» деген сандар «8» деген сандармен ауыстырылсын;
      19-ші тармағындағы «7» деген сандар «9» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Барлығы» деген тармағындағы «163» деген сандар «176» деген сандармен ауыстырылсын.
       2. «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Баян Назикеевна Қарамолдаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Тілебалдыұлы Жамангозовқа жүктелсін.
      
      Аудан әкімі                                Б. Байтөле

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады