V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуiрдегi II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XVII сессиясының 2013 жылғы 24 сәуірдегі N 153 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 мамырда N 2333 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 03.07.2024 № 165 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 8-1-154 болып тiркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы N 064 (970) "Взгляд на события" газетiнде жарияланған), оған Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XV сессиясының 2013 жылғы 20 ақпандағы "Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 32 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы" N 138 шешімімен өзгертулер енгізілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2230 болып тiркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы N 036 (1106) "Взгляд на события" газетiнде жарияланған), келесi өзгерiс енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі шешімінде Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнің 2-тармақтың 2) тармақшасы келесi редакцияда мазмұндалсын:

      "2) коммуналдық қызметтер – бұл тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, кәрiздi, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды (сонымен қатар қатты отын), қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

V шақырылған Қарағанды қалалық


мәслихатының кезектен тыс


ХVIІ сессиясының төрағасы

Б. Зорин

Қарағанды қалалық


мәслихаты хатшысының м.а.

Ж. Мұқтаров

КЕЛІСІЛДІ:


"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

Ж. Ысқақов


      24.04.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады