Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 7 ақпандағы N 6/4 қаулысы. Қарағанды облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 15 наурызда N 2231 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 ақпандағы N 5/26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 05.02.2015 N 5/26 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері анықталсын.
      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы N 2/1 "Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-3-132 болып тіркелген, 2012 жылы 3 наурызда N 3 "Теміртау" газетінде, 2012 жылы 2 наурызда N 9 "Новый Теміртау" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Сұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының Қылмыстық-атқару
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      М. Ахметова
      06.02.2013 ж.

Теміртау қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 7 ақпандағы
N 6/4 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі

N р/б

Кәсіпорындардың атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс түрлері

1

"Шарапат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 2

аумақты жинау

2

"Қалалық мәдени демалу паркі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 13 А

аумақты жинау

3

"Теміртау спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 34 А

аумақты жинау

4

"Теміртау-қызмет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Теміртау қаласы, Қарағанды шоссесі көшесі, 24-1

аумақты жинау

5

"Ақтау" мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5

аумақты жинау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады