Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы N 2/1 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 ақпанда N 8-3-132 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 7 ақпандағы N 6/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 07.02.2013 N 6/4 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері белгіленсін.
      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 50/2 "Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-113 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 ақпанда N 7 "Теміртау" газетінде, 2011 жылғы 23 ақпанда N 7 "Зеркало" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Н. Сұлтанов

Теміртау қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
N 2/1 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі

N р/б

Кәсіпорындардың атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс түрлері

1

"Шарапат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 2

аумақты абаттандыру және жинау

2

"Қалалық мәдени демалу паркі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 13А

аумақты абаттандыру және жинау

3

"Теміртау спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 34А

аумақты абаттандыру және жинау

4

"Теміртау-қызмет" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Теміртау қаласы, Қарағанды шоссесі көшесі, 24-1

аумақты абаттандыру және жинау

5

"Ақтау" мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5

аумақты абаттандыру және жинау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады