Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына сәйкес Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 47/16 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 8-4-258, 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 143-144 (853) "Северное Прибалхашье".,2011 жылғы 23 желтоқсанда N 146-147 (11815) "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы:
"Бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар" сөздерінен кейін ",сондай-ақ, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар" сөздерімен толықтырылсын;
1 тармақтағы:
"Бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар " сөздерінен кейін ", сондай-ақ, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Бахит Кадировна Молдабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | Н. Аубакиров |