Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/02 "2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесін, жұмыстардың түрлерін, нақты жағдайларын, көлемдерін және еңбекақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 48/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 2480 болып тіркелді. Қаулының қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 4-15/19 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 10.01.2014 № 4-15/19 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасынындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды және табыс табуды, кедейшілікті еңсеруді, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқартуды қамтамасыз ету үшін, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/02 "2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесін, жұмыстардың түрлерін, нақты жағдайларын, көлемдерін және еңбекақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2115 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 12 (11974) "Балқаш өңірі", № 12 (1049) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысына, Балқаш қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 30/02 "Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы N 49/02 "2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесін, жұмыстардың түрлерін, нақты жағдайларын, көлемдерін және еңбекақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2385 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 102 (12064) "Балқаш өңірі", № 100 (1138) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған)  қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласының әкімінің орынбасары Жаксылыкова Саягуль Жаксылыковнаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Н. Аубакиров

Балқаш қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 05 желтоқсандағы
№ 48/02 қаулысына
қосымша

Балқаш қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 49/02 қаулысына
қосымша

2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесін, жұмыстардың түрлерін, нақты жағдайларын, көлемдерін және еңбекақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің атауы

Жылдық адам саны

Жұмыстардың түрлері және мөлшері

1

2

3

4

1

"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

24

Құжаттарды тарату, айына 40 құжаттан астам

2

"Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ

12

Айына 4000 шаршы метрден кем емес кентті көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту

3

"Саяқ кенті әкім аппараты" ММ

12

Айына 3000 шаршы метрден кем емес кентті көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту

4

"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" ММ

4

Айына 40 құжаттан астам құжаттарды мұрағатқа тапсыруға, сессиялар және тұрақты комиссия хаттамаларын ресімдеуге көмек

5

"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

6

Айына 40 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу, тізілімдерді, хабарламаларды дайындау жұмысы

6

"Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

16

Айына 60 құжаттан кем емес әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында үйлерді аралау, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасауға көмек

7

"Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" ММ

8

Айына 50 құжаттан кем емес саяжай және көлікжай алабын түгендеу, құжаттарды өңдеу

8

"Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ

28

Айына 60 кем емес құжаттарды өңдеу, көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту

9

"Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ

8

Айына 40 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс

10

"Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

8

Айына 40 кем емес жалпы-мәдени іс-шараларды жүргізуге көмек

11

"Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ және оның ішінде жалпы білім беру мектептері

49

Айына 60 кем емес іс-шараларды жүргізуге көмек, қоғамдық тәрбиеші

12

"Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ

8

Айына 40 кем емес құжаттарды өңдеу

13

"Балқаш қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ

4

Айына 40 астам құжаттарды өңдеу, құжаттарды жеткізу

14

"Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ

6

Айына 40 астам құжаттарды жеткізу, ақпараттарды жинақтау, ауылшаруашылық жануарларының қозғалысын есептеу және тіркеу

15

"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Балқаш қалалық қазынашылық басқармасы" ММ

4

Айына 40 астам құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу

16

"Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Балқаш қаласы бойынша Салық басқармасы" ММ

40

Айына 50 құжаттамадан астам құжаттарды жеткізу, салық төлеу бойынша хабарламаларды тарату, толық төленбеген төлемнің алымы

17

"Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі Қарағанды облысы Әділет департаментінің Балқаш қаласының Әділет басқармасы" ММ

20

Айына 40 құжаттардан астам әділет органдарында құжаттарды өңдеу жұмысы, формулярларды орналастыру

18

"Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты" ММ

4

Айына 40 құжаттан кем емес мұрағаттық істерді жаңғырту, мұрағаттық құжаттармен жұмыс

19

"Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты" ММ

20

Айына 40 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс, қосалқы жұмыс

20

"Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің Сот актілерін орындау комитетінің Қарағанды облысы сот актілерін орындау департаменті" мемлекеттік мекемесінің "Балқаш аумақтық бөлімі" филиалы

20

Айына 40 құжаттан кем емес хабарламаларды тарату

21

"Қарағанды облысы Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты" ММ

20

Айына 40 құжаттан кем емес хабарламаларды тарату

22

"Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" ММ

4

Айына 20 құжаттан кем емес мұрағаттық құжаттармен жұмыс, шақыру қағаздарын тасу

23

"Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" ММ

42

Айына 40 құжаттан кем емес кіріс және шығыс құжаттарын тарату, номенклатуралық істерді тігу, қосалқы жұмыстар

24

"Балқаш қалалық прокуратурасы" ММ

6

Айына 20 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу және тіркеу

25

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы" ММ

4

Айына 20 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу және тіркеу

26

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің "Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

24

Айға кемiнде 40 шақыру қағаздарының Қазақстан республикасының қарулы күштер қатарына тіркеу және шақыру қағаздарын тасу

27

"Қалалық коммуналдық шаруашылық-2012" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

86

Айына 9000 шаршы метрден кем емес қаланы көркейту, қаланы көгалдандыру және санитарлық тазарту

28

Балқаш қаласы әкімдігі Балқаш қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - КМҚК)

4

Айына 20 кем емес мәдени – жалпы шараларды жүргізуге көмек

29

Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облсыстық қан орталығы" КМҚК

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

30

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Балқаш қаласының № 1 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - КМК)

7

Айына 20 құжаттан кем емес құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу

31

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әулеметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Қарағанды облыстық филиалы

6

Айына 20 кем емес жәрдемақы және зейнетақы алушыларға шақыруларды тарату, мұрағаттық істерді жаңғырту

32

"Мал дәрiгерлiк бақылаудың комитетi және Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығының министрлiгiнiң қадағалауын Балқаш аймақтық инспекция" ММ

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу, қосалқы жұмыс, архивтік құжаттармен жұмыс

33

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" ММ

4

Айына 30 кем емес құжаттарды тарату және өңдеу

34

"Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" ММ

4

Айына 30 кем емес құжаттарды тарату және өңдеу

35

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қарағанды облыстық филиалы

8

Айына 3000 шаршы метрден кем емес жолдарды көркейту және санитарлық тазартуға көмек

36

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" ММ

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

37

"Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Балқаш қалалық филиалы

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

38

"Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлiгі экологиялық реттеу және бақылау комитетiнің Қарағанды облысы бойынша экология департаментi" ММ

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

39

Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің "Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Балқаш филиалы

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

40

"Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлары бойынша Қарағанды министрлiгiнiң төтенше жағдайлары бойынша департаменттiң Балқаш қаласының төтенше жағдайлары бойынша басқару" ММ

9

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

41

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы "Балқаш қаласының № 3 емханасы" КМК

6

Айына 40 кем емес құжаттарды өңдеу

42

"Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - "Балхаштүстімет" өндірістік бірлестігі

4

Айына 40 кем емес құжаттарды өңдеу

43

Қарағанды облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментiнің Балқаш аймағы бойынша қаржы полициясының ауданаралық бөлiмi

4

Айына 60 құжаттан кем емес мұрағаттық құжаттармен жұмыс, шақыру қағаздарын тарату


Барлығы

567


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады