2014 жылы азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қаңтарда № 2509 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 859 қаулысына сәйкес, Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2014 жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды "Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.

      2. Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан Қаражал қаласының және Жәйрем кентінің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары "Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1997 жылы туған, шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың тізімін белгіленген нысанда ұсынсын.

      3. Қаражал қаласының әкімінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 04 "2013 жылы шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру туралы" шешімі жойылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаражал қаласының әкімі

Қ. Шорманбаев

КЕЛІСІЛДІ:


Қорғаныс істері


жөніндегі бөлім бастығы


М. Бекетаев


2013 жылғы 23 желтоқсан


Ішкі істер


бөлімінің бастығы


А. Тәкібаев



      2013 жылғы 23 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады