Шахтинск қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 2 мамырдағы N 12/4 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 маусымда N 2341 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы N 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс берушінің жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
А. Аглиулин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады