2013 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2013 жылғы 13 ақпандағы N 107 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 наурызда N 2219 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1-18/156 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.09.2014 № 1-18/156 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2013 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешімді іске асыру бойынша "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шаралар қабылдасын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы                           М. Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімінің
      бастығы                                    Қ. Болғанбаев
      2013 жылғы 13 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады