Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Кодексiне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Қарқаралы ауданында 2014 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi, осы шешiмге қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы: | Б. Ахманов |
Аудандық мәслихат хатшысы: | С. Нүркенов |
КЕЛIСIЛДI: | |
"Қарқаралы ауданы бойынша | |
салық басқармасы" мемлекеттiк | |
мекемесiнiң басшысы | |
Е. Сатымбаев | |
24 желтоқсан 2013 жыл
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/202 шешіміне қосымша |
Қарқаралы ауданында 2014 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi
№ | Салық салу объектiсiнiң атауы | Айына тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi (айлық есептiк көрсеткiштер) |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 4 |
4. | Ойын жолы | 7 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелi | 3 |