Трудовой селолық округінің аумағында карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі N 43/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 қазанда N 2387 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы N 51/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 25.10.2013 N 51/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара мал арасында қарасан ауруы шығуына байланысты, Трудовой селолық округінің аумағында карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары өткізілсін.
      3. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғалым Хамиұлы Оспановқа (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі                   С. Аймақов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің
      Осакаров аудандық аумақтық
      инспекциясы" басшысы
      Ғ. Оспанов
      2013 жылдың 11 қыркүйегі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады