Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 17.05.2024 № 19/188 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-151 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы № 47 (7271) "Сельский труженик" газетінде жарияланған), Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы № 27 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-166 болып енгізілген, 2012 жылғы 14 сәуірдегі № 15 (7291) "Сельский труженик" газетінде жарияланған), Осакаров аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2012 жылғы 9 қарашадағы № 111 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2002 болып енгізілген, 2012 жылғы 15 желтоқсандағы № 50 (7326) "Сельский труженик" газетінде жарияланған), Осакаров аудандық мәслихатының 16 сессиясының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 160 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2313 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырдағы № 20 (7348) "Сельский труженик" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 1 тармағының төртінші абзацындағы ";" белгісі ". " белгісіне ауыстырылсын;
2) Ереженің 1 тармағының бесінші абзацы алынып тасталсын;
3) Ереженің 1 тармағының жетінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi көрсетiледi.";
4) Ереженің 19 тармағының 9) тармақшасындағы ";" белгісі "." белгісіне ауыстырылсын;
5) Ереженің 19 тармағының 10) тармақшасы алынып тасталсын;
6) Ереженің 24 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"24. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы | В. Шамордин |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Саккулаков |