"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының мәслихаты мен Сырдария ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере келе, Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Дербес елді мекен мәртебесінен айырылуына және олардың аумағының Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің құрамына енгізілуіне байланысты Сырдария ауданы Құндызды ауылдық округі, сондай-ақ, Сырдария ауданы Құндызды ауылдық округінің О. Мәлібаев ауылы таратылсын.
2. Сырдария ауданының әкімі (Ғ.Әбілтай) осы қаулы мен шешімінен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н. Годуноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облыстық
мәслихатының кезектен тыс
17 сессиясының төрағасы А. Шоманов
Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы Б. Еламанов