Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі N 121 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 тамызда N 4488 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 02 шілдедегі N 205 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 02.07.2014 N 205 шешімімен.

      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабына сәйкес және аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдігінің ұсыныстары негізінде Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының 18-сессиясының
      төрағасы                             А. Шоманов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                 Б. Еламанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитеті
      Қызылорда облыстық аумақтық
      инспекциясы мемлекеттік мекеме
      басшысының міндетін атқарушы
      ____________ Ж. Сәрсенбаев
      2013 жылғы "10" шілде

      Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қызылорда
      облысы бойынша департаменті
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________ М. Жұбатқанов
      2013 жылғы "10" шілде

      Қызылорда облысының ішкі
      істер департаментінің бастығы
      ____________ Ж. Бақтыбаев
      2013 жылғы "10" шілде

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      2013 жылғы "10" шілдедегі
      N 121 шешімімен бекітілген

       Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидасы

1. Жалпы ереже

      1. Осы Қызылорда облысының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидасы (әрi қарай - Қағида) Қызылорда облысы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету тәртібін белгілейді.
      2. Қағида, меншiктiк нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-иелер) қолданылады.
      3. Қағида "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрленді.

       2. Иттер мен мысықтарды ұстау шарттары

      4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелерiне санитариялық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтау керек.
      5. Көп пәтерлі тұрғын үйлердiң және жатақханалардың ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, шатырлар, төбелер, подвалдар), сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттер мен мысықтарды ұстауға жол берілмейді.
      6. Меншігінде, иелігінде, пайдалануында жеке тұрғын үйі бар тұлғалар иттерін, жеке ауласы аумағында ұстау керек, сондай-ақ жеке ауласының кіреберісіндегі дарбазада ит бар екендігі туралы белгі болуы қажет.
      7. Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар, кәсiпорындарда, мекемелерде иелері байлап кеткеннен басқалары, қараусыз (қаңғыбас) деп есептеледi және қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен мiндеттi аулауға жатады.
      Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылып жүргiзiледi.
      8. Иттер мен мысықтардың иелерінде иттер мен мысықтарға ветеринариялық мекемелер беретін ветеринариялық паспорт болуы міндетті.

       3. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртiбi

      9. Иттер мен мысықтардың иелерi мiндеттi:
      1) иттер мен мысықтарды ауруға күдікті болуына байланысты кенеттен құлауы жағдайында ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландыруға;
      2) иттер мен мысықтар өлекселерін жергілікті атқарушы органдар белгілеген орында жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріксіз шаралар қолдануға;
      3) ветеринариялық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу, вакцинация жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсетуге.
      10. Иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекiтiлген фактiлерге күдiктенгенде, бұған дейін көрсетiлген инфекцияға қарсы иммунизация процедураларын өтпегендер, заңнамамен белгіленген тәртіппен алып қоюға, қажет болғанда кейiнгi жойылуға тартылады.

       4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртiбi

      11. Иттер мен мысықтардың иелерi келесілерді қамтамасыз ету тиіс:
      1) иттер мен мысықтарды балалар алаңдарында, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң телiмдерінде, мектеп аулаларында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерiнiң аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, гүлзарларда серуендетуге жол берілмеуге;
      2) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, қоғамдық шомылу жерлерінде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су тарту құрылысында жануарларды шомылдыруға және жуындыруға жол берілмеуге;
      3) иттер мен мысықтарды арнайы бекітілген, арнайы қоршалған жерлерде немесе ашық алаңдарда серуендетуге;
      4) иттер мен мысықтардың иелері серуендету кезінде өздерінің жануарларымен қалдырған барлық табиғи шығарылымдарын (экскременттер) тазартуға;
      5) адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлiктерде (автобустағы жинақтау алаңшаларында) және басқа да қоғамдық орындарда иттердi қысқа тiзгiнде, тұмылдырықпен ұстауға және иттер мен мысықтардың декоративтiк түрлерiн сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), немесе қолда алып тасымалдауға;
      6) иттердi түнгi уақытта серуендеткен кезде олардың иелерi тыныштықты сақтау шараларын қабылдауға.

       5. Қорытынды ережелер

      12. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн иттер мен мысықтардың иелері "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 311-бабына сәйкес жауапкершілікте болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады