"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шiлдедегi N 19/2 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2013 жылғы 13 тамызда N 4490 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетiнде 2013 жылғы 21 тамыздағы N 34 (1004), "Ел тілегі" газетінде 2013 жылғы 21 тамыздағы N 34 (298) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қалалық | |
мәслихаттың кезектен тыс | |
ХХVI сессиясының төрайымы | Г. ЖҰМАШЕВА |
Қызылорда қалалық | |
мәслихатының хатшысы | И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ |
Қызылорда қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу үшiн орындар
1. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлiк орталығының аумағындағы саябақ (Е. Әуелбеков көшесi, N 41).2. М.Ералиева атындағы мәдениет үйi ғимаратының алдындағы алаң (Ә. Қашаубаев көшесi, нөмiрсiз).
3. Тасбөгет кентiндегi "Жеңiс" саябағы.