Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы N 21/3 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 тамыздағы N 764 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 қазанда N 4519 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108-бабының 5-тармағына және Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту жөніндегі 2013 жылғы 20 тамыздағы азаматтар конференциясының хаттамасына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және  Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласына солтүстік-шығыс жағынан іргелес ауданы 2000 гектар бос аймақтарды қосу жолымен Белкөл кентінің шекарасы (шегі) өзгертілсін.
      2. Қызылорда қаласына оңтүстік жағынан іргелес ауданы 783 гектар бос аймақтарды қосу жолымен Тасбөгет кентінің шекарасы (шегі) өзгертілсін.
      3. "Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы" Қызылорда қаласы мәслихатының 2012 жылғы 08 қарашадағы N 10/2 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы  08 қарашадағы N 4841 қаулысының (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 4352 тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" 2012 жылғы 5 желтоқсандағы N 50; "Ел тілегі" 2012 жылғы 5 желтоқсандағы N 49 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі               Н. Нәлібаев

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс XХІ сессиясының төрағасы           Ә. Медетбаев

      Қызылорда қалалық
      мәслихаттың хатшысы                    И. Құттықожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады