"Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі N 19/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 қазандағы N 23/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қарашада N 4544 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы N 53/2 шешімімен

      Ескерту Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 01.02.2016 N 53/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шiлдедегi N 19/2 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 4490 нөмiрiмен тiркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетiнде 2013 жылғы 21 тамыздағы N 34 (1004), "Ел тілегі" газетінде 2013 жылғы 21 тамыздағы N 34 (298) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының мәтіні жаңа редакцияда жазылып, мемлекеттік тіліндегі қосымшасының мәтіні өзгеріссіз қалдырылды.
      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда қалалық
      мәслихаттың кезектен тыс
      ХХIІІ сессиясының төрағасы М. ЕСЖАНОВ
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады