Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 12.08.2014 N 03-11/143 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қармақшы ауданының ауылдық елдi мекендерiнде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебiнен 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтiк көмек берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қармақшы аудандық
мәслихатының кезектен тыс
15-сессиясының төрағасы Б. Нысанбаев
Қармақшы аудандық
мәслихатының хатшысы М. Наятұлы