Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Күшін жойғанҚызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 09 шілдедегі N 5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 тамызда N 4482 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 қазандағы N 11 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 23 сәуірдегі N 203 ұсынысына сәйкес Таң ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінің, Таң ауылында ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Таң ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Р.Майжановаға жүктелсін.
3. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз