Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 12.08.2014 N 1/4-5/1771 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2013 жылға арналған Жалағаш ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Е.Өмірсеріковке жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі С. Сермағамбетов
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "17" шілдедегі
N 213 қаулысына қосымша
2013 жылға арналған Жалағаш ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Жасы елуден асқан жұмыссыз тұлғалар.
3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар
4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар
5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.