Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 22 тамыздағы N 4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте N 4515 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 16 қазандағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 16.10.2014 N 6 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 23 сәуірдегі N 203 ұсынысына сәйкес Жаңаталап ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің, Жаңаталап ауылында ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Айғалиевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңаталап ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Тұңғышбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Жалағаш аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысының
      уақытша міндетін атқарушы
      ______________________ Н. Сулейменов
      2013 жылғы "27" тамыз
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің
      Қызылорда облысы бойынша департаменті
      "Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________________ О. Аханов
      2013 жылғы "27" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады