2013 жылға арналған Жаңақорған ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі N 450 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қазанда N 4523 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2013 жылға арналған Жаңақорған ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибрагимовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Жаңақорған ауданының әкімі

С. Тауипбаев


  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "13" қыркүйектегі
N 450 қаулысына қосымша

2013 жылға арналған Жаңақорған ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.

      2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.

      3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.

      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.

      5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады