Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2013 жылға арналған әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы N 9/123 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 сәуірде N 2233 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1014 қаулысының 11 - тармағына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2013 жылға арналған әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                         Ж. Дәрменов

      Облыстық мәслихат
      хатшысыБ.                               Жүсіпов
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысының жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      басқармасының бастығы
      Ө. Бисақаев
      27 ақпан 2013 ж.

Облыстық мәслихаттың
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 9/123 шешіміне қосымша

Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалындағы
әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесі
 

      1. «Ақтау – Жетібай – Ақтау» маршруты
      2. «Ақтау – Құрық – Ақтау» маршруты
      3. «Ақтау – Форт- Шевченко – Ақтау» маршруты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады