Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2013-2015 жылдарға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы N 9/120 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 сәуір N 2234 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 506 - бабы 1 - тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 6 - бабы 5 - тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2013 - 2015 жылдарға арналған төлемақы ставкалары осы шешімнің № 12 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                         Ж. Дәрменов

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                 Б. Жүсіпов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысы бойынша
      Салық департаментінің бастығы
      К. Ысқақов
      27 ақпан 2013 ж.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облыстық орман және
      аңшылық шаруашылығы аумақтық
      инспекциясының бастығы
      Қ. Әбуов
      27 ақпан 2013 ж.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысының табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы
      О. Тоқжанов
      27 ақпан 2013 ж.
 

Облыстық мәслихаттың
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 9/ шешіміне 1 - қосымша

Мемлекеттiк орман қорының
учаскелерiнде орманды жанама пайдаланғаны үшін төленетін
төлемақы ставкалары

№ р/с Жанама орман пайдалану түрлері Өлшем бірлігі Төлемақы ставкалары (теңге)

1

Шабындық жерлер, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:



1.1

жақсы

га

111,24

1.2

қанағаттанарлық

га

83,43

1.3

қанағаттанғысыз

га

64,89

2

Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю топтары бойынша:



2.1

түйе

бас

64,89

2.2

ірі қара мүйізді, жылқы

бас

51,91

2.3

ірі қара төлі, есек

бас

25,97

2.4

ешкі

бас

45,42

2.5

қой

бас

12,98


Облыстық мәслихаттың
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 9/ шешіміне 2 - қосымша
 

Аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары,
ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, туристiк,
рекреациялық және спорттағы мақсаттар үшін Маңғыстау облысының мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдаланғаны үшін төленетін
төлемақы ставкалары

№ р/с Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша Өлшем бірлігі Төлемақы ставкалары (теңге)

Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану

га

183,0

2

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

га

46,35

3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті

үшін пайдалану

га

0

Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану

адам-күн

0,1 АЕК


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады