"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуідегі N 118 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2013 жылы 31 мамырда N 2248 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлер тізілімінде 2008 жылдың 30 сәуірде № 2009 тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 1-қосымшаға сәйкес, бекітілген жобалық құжаттамалар негізінде Маңғыстау облысының Каспий теңізі жағалауында ұзындығы 1399,5 шм су қорғау аймақтары мен белдеулері және шаруашылық қызметінің режимі белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Ақтау қаласының және аудандардың әкімдері:

      су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын нақтылы түріне көшіруді, жерді есепке алу құжаттамасына өзгеріс енгізуді және осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асырсын;

      су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде, құрылыс және басқа арнайы қажеттерге аумақты бөлуді және пайдалануды көрсетілген қаулының 1 және 2 тармағының талаптарына қатаң сәйкесте жүргізсін.

      3. Ақтау қаласының және аудандардың әкімдеріне, ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде орналасқан пайдалануында жер учаскелері бар, ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшыларына, олардың санитарлық жай-күйін тиісті дәрежеде күтілуін және шаруашылық жүргізу режимінің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (О.А.Тоқжанов):

      мемлекеттік жер кадастрында есепке алу мақсатында және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін "Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобалық құжаттамасын уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын;

      осы қаулыны әділет органында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А. Айдарбаев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Казақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік

      инспекциясының бастығы

      Б. О. Қуанов

      "29" сәуір 2013 жыл

      Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігінің Мемлекеттік

      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

      комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      департаментінің директоры

      М. Ж. Қадыр

      "29" сәуір 2013 жыл

      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны

      қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және

      бақылау комитетінің Маңғыстау облысы

      бойынша экология департаментінің бастығы

      Д. Б. Әлиев

      "29" сәуір 2013 жыл

      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын

      басқару агенттігінің Маңғыстау облысы

      бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы

      Д. Ж. Сақтағанов

      "29" сәуір 2013 жыл

      Маңғыстау облысының жер қатынастары

      басқармасының бастығы

      Е. Д. Дүзмағанбетов

      "29" сәуір 2013 жыл

      Маңғыстау облысының табиғи ресурстар

      және табиғат пайдалануды реттеу

      басқармасы бастығының уақытша

      міндетін атқарушы

      О. А.Тоқжанов

      "29" сәуір 2013 жыл

      Маңғыстау облысының энергетика және

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      басқармасының бастығы

      Б. Е. Өтеғалиев

      "29" сәуір 2013 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы "29" сәуір № 118
қаулысына қосымша

1. Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында Каспий теңізінің жағалауында ұзындығы 284,5 шақырым су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу

      1. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында Каспий теңізінің жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерін кұру" бекітілген жобалық құжаттамасына сәйкес мыналар белгіленеді:

      1) Ақтау қаласы аумағының су қорғау аймағының көлемі мен шекарасы, бекітілген бас жоспарға сәйкес кұрылыс салу және жоспарлаудың нақты талаптар тұрғысынан;

      Ақтау қаласы аумағы бойынша Каспий теңізінің жағалауында су қорғау аймағының 96,0 км созылатын ені, Строительная көшесінің, ҚР Президенті даңғылының шекарасына дейін және әрі қарай асфальт жолы бойымен Өмірзақ ауылына дейін минус 27,0 метрге тең, соңғы он жылдықтағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейінің белгісінен алынады;

      Ақтау қаласы аумағының теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, оның аса бағалы балық шаруашылығындық маңызы бар маңайындағы жердің еңісі мен сипатына қарамастан кемінде 100 м қабылданады;

      Ақтау қаласында ағынды канализациялар мен жағалаулықтар болған жағдайда су қорғау белдеуінің шекарасы жағалаудағы қалқаншамен қосылады.

      2) Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қ. аумағы бойынша Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау аймағы енінің ұзындығы 38,5 км, Құрық ауылының ұзындығы 61,0 км және Қарақия ауданының Кендірлі демалыс аймағында 89,0 км, соңғы он жылдықта минус 27,0 метрге тең теңіздің орташа көпжылдық деңгейі 2000 метр белгісінен алынды;

      Ерекше бағалы балық шаруашылығы маңызы бар Форт-Шевченко, Құрық ауылы аумағындағы және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі Түпқараған ауданының Аташ, Баутино қойнауындағы теңіздік мұнай операциялары базасының төгінді алаңындағы ұзындығы 1,12 км Каспий теңізінің жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, жерінің еңістігі мен іргелес жатқан сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады;

      Түпқараған ауданының Аташ, Баутино қойнауындағы мұнай операциялары базасының төгінді алаңындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау аймағының шекарасы, Аташ базасының шекарасындағы жақтаумен қосылады және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің әрекет үстіндегі шекарасының басымен иіліп қосылады;

      ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Форт-Шевченко қаласы, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы ұзындығы 1,369 км және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңындағы 1,61 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеулерінен басқа, жерлердің еңістігі мен іргелес жатқан сипатынан қарамастан, кемінде 100 метр болып қабылданады";

      "теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғалары жағынан Каспий теңізінің орташа деңгейінен 35 метр, солтүстік және оңтүстік жағынан 20 метр болып белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен тік бұрышта қосылады";

      "Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы Теңіз мұнай операцияларын қолдау төгінді базасындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғасына қарсы беттегі шекарасы мен жақтауы бойынша, база алаңының шекарасында және Каспий теңізінің орташа деңгейінен 10 метр қашықтықта жақтауы бойынша қаптал жақ құламаларының бойымен белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен қосылады";

      "ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі бұрғылау ерітінділері цехын, теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасын орналастыруға Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданындағы Түпқараған бұғазының солтүстік-батыс жағалауының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытына биіктігі 50 см жиекқабырға жайғастырылған, жағалық бекітпе имараты құрылысымен бекітілген, теңіздің жағалау жиегімен түйісетін және биіктігі 50 см жиекқабырға мен кеме тоқтайтын қабырғасы бар, бұрғылау ерітінділері цехының төгінді түрде жасалған жасанды өндірістік алаңындағы ұзындығы 4,075 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады;

      Цех алаңының шекарасындағы, бұрғылау ерітінділері цехының өндірістік алаңы мен теңіз жағалауының жағалау жиегі ауданындағы теңіздің табиғи жағалау жиегінен 100 метр қашықтықта өтетін су қорғау белдеуінің әрекет үстіндегі шекарасы, теңіздің соңғы онжылдықта минус 27,0 метрге тең, орта-көпжылдық деңгейі белгісінен ені 35,0 метр болып белгіленген, цех алаңының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттағы шекарасынан, цехтың өндірістік алаңының және жағалаулық бекітпе имаратының жиекқабырғасымен түйісетін су қорғау белдеуінің шекарасымен ауыстырылсын;

      Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады, ал елді мекендерде қашықтығы Ақтау қаласы - 83,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері С (4953315; 10034132) Д (4862525; 10065137), Форт-Шевченко қаласы - 19,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері А (4994790; 9985280) В (4993680; 9981590), Құрық ауылы - 12,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері Е (4842890; 10079230) F (4838320; 10087670), Кендірлі демалыс аймағында - 7,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері Т (4795800; 10149610) U (4787830; 10157500) учаскеде, бекітілген жобалық - сметалық құжаттаманың негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр тағайындалады;

      Түпқараған ауданы Баутино ауылындағы теңіздік операцияларын қолдау базасындағы теңіз учаскесі үшін бекітілген жобалық-сметалық құжаттама негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр, бұрынғы болған ұзындығы 377,32 метр, су қорғау белдеуінің шекарасы топырақ үйінді жағынан ұзындығы 289,77 метрге ауыстырылсын (су қорғау белдеу шекарасының координаты А нүктесінен (х=440772,6; у=4934146,7) Ж нүктесіне дейін (х=440817,5; у=4934419,5).

      3) су қорғау аймақтарын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және халықтың өзгеде мұқтажы үшін пайдаланылатын су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын құруды жоққа шығармайды, осылардың шекарасы мен көлемі халықтың, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

      4) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жер учаскелерін беруді, жергілікті атқарушы органдар, су қорының қоршаған ортаны қорғау және қорғау саласындағы уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүргізеді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында ұзындығы 1115 шақырым су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу

      1. "Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бекітілген жұмыс жобасына сәйкес мыналар белгіленеді:

      1) Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені, бөліктері бойынша:

      Атырау облысы (45Ү 3' 10" солтүстік ендік, 54Ү 11' 24" шығыс бойлық)Форт-Шевченко (44Ү 37' 29" солтүстік ендік, 50Ү 33' 46" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 898 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып қабылданады;

      Форт-Шевченко (44Ү 19' 48" солтүстік ендік, 54Ү 11' 24" шығыс бойлық) Ақтау (44Ү 4' 30" солтүстік ендік, 50Ү 57' 30" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 60 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып қабылданады;

      Ақтау (43Ү 20' 24" солтүстік ендік, 51Ү 19' 18" шығыс бойлық)Құрық (43Ү 11' 10" солтүстік ендік, 51Ү 16' 48" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 15,0 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып қабылданады;

      Құрық (42Ү 57' 0" солтүстік ендік, 51Ү 48' 29" шығыс бойлық) Кендірлі (42Ү 52' 21" солтүстік ендік, 52Ү 12' 39" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 68 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып қабылданады;

      Кендірлі (42Ү 22' 9" солтүстік ендік, 52Ү 37' 22" шығыс бойлық) Түркіменстан Республикасының мемлекеттік шекарасы (41Ү 46' 22" солтүстік ендік, 52Ү 26' 43" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 74 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып бекітілген жобалық құжаттаманың негізінде соңғы он жылдықта Каспий теңізінің минус 27,0 метрге тең орташа көпжылдық деңгейі белгісінен қабылданады.

      2) су қорғау аймақтарын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және халықтың өзгеде мұқтажы үшін пайдаланылатын су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын құруды жоққа шығармайды, осылардың шекарасы мен көлемі халықтың, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

      3) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жер учаскелерін беруді, жергілікті атқарушы органдар, су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың және өздерiнiң құзыретi шегiнде жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның келісімі бойынша жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады