2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/190 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 09 қаңтарда № 2332 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «2014-2016 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі 2014-2016 жылдарға үш жылдық кезеңге абсолюттік көрсеткіште бекітілсін.
      2. Аудандар бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлар көлемі, оның ішінде:
      1) 2014 жылға аудан бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін 2 675 090 мың теңге сома көлемінде бюджеттік алып қоюлар белгіленсін, оның ішінде:
      Қарақия ауданынан – 2 386 928 мың теңге;
      Түпқараған ауданынан – 288 162 мың теңге;
      2) 2015 жылға аудан бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін 3 814 302 мың теңге сома көлемінде бюджеттік алып қоюлар белгіленсін, оның ішінде:
      Қарақия ауданынан – 3 096 015 мың теңге;
      Маңғыстау ауданынан – 408 166 мың теңге;
      Түпқараған ауданынан – 310 121 мың теңге;
      3) 2016 жылға аудан бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін 5 758 140 мың теңге сома көлемінде бюджеттік алып қоюлар белгіленсін, оның ішінде:
      Қарақия ауданынан – 4 260 229 мың теңге;
      Түпқараған ауданынан – 1 497 911 мың теңге.
      3. Облыстық бюджеттен аудандар бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі, оның ішінде:
      1) 2014 жылға облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 3 803 031 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
      Бейнеу ауданына – 2 302 845 мың теңге;
      Мұнайлы ауданына – 1 500 186 мың теңге;
      2) 2015 жылға облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 2 371 701 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
      Бейнеу ауданына – 1 849 030 мың теңге;
      Мұнайлы ауданына – 522 671 мың теңге;
      3) 2016 жылға облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 1 806 045 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
      Бейнеу ауданына – 1 599 275 мың теңге;
      Мұнайлы ауданына – 206 770 мың теңге.
      4. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
 
 

      Сессия төрағасы                         Р. Борашов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ж. Ұланова
      10 желтоқсан 2013 ж. Ор
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады