Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 59 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 шілдеде № 2258 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 17.05.2017 № 94 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Бейнеу ауданының ауыл, селолары, селолық округтері әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындар белгіленсін.

      2. Аудан әкімінің орынбасары К. Машырықовқа Бейнеу ауданының ауыл, селолары, селолық округтері әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындарды қажетті мөлшерде стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау және оның аудандық әкімдіктің веб - сайтында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз ету "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Әзірханов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бейнеу аудандық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      К.Аймағамбет

      24 маусым 2013 жыл

  Аудандық әкімдіктің 2013 жылғы
24 маусымдағы № 59 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Бейнеу селосы -       халықтық банк филиалы мен орталық аудандық аурухана ғимараттарының жанында

      Боранқұл селосы - орталық базардың және селолық мәдениет үйінің ғимаратының жанында

      Есет селосы -              селолық клуб ғимаратының жанында

      Ақжігіт селосы - селолық округ әкімі аппараты орналасқан ғимараттың жанында

      Сарға селосы -       селолық мәдениет үйінің ғимаратының жанында

      Тұрыш селосы -              селолық клуб ғимаратының жанында

      Сыңғырлау селосы - селолық клуб ғимаратының жанында

      Сам селосы - селолық пошта бөлімшесінің ғимаратының жанында

      Төлеп селосы - селолық клуб ғимаратының жанында

      Ноғайты селосы - селолық медициналық пункт ғимаратының жанында

      Тәжен ауылы - ауылдық медициналық пункт ғимаратының жанында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады