Қарақия ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Күшін жойғанМаңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 184 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қыркүйекте № 2300 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 151 қаулысымен
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етсін.
3. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Тәжібаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ә. Дауылбаев
"КЕЛІСІЛДІ":
"Қарақия аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ. Рысбаев
12 қыркүйек 2013 жыл
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз