Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 12/129 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 қазанда № 2301 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Келтірілген тізбесіне сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е. Таджибаев).
      3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А. Мееров) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет - ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасының өкілеттігін
      жүзеге асырушы, аудандық
      мәслихаттың хатшысы                     А. Мееров
 
 

Қарақия аудандық мәслихатының
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 12/129 шешіміне қосымша
 

Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі

      1. «Құрық селосы бойынша жер учаскелері құнының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу шекаралары туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 ақпандағы № 5/37 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 наурызда № 11-4-54 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2008 жылғы 22 сәуірде № 16(242) жарияланған) шешіміне:
      Қазақ тіліндегі мәтіннің тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «селосы» деген сөздер «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. «Жетібай және Мұнайшы кенттері бойынша жер учаскелері құнының базалық ставкаларына түзету кэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 06 ақпандағы № 13/110 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 ақпанда № 11-4-73 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2009 жылғы 11 наурызда № 11 (297) жарияланған) шешіміне:
      тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «кентін», «кенті», «кенттері», деген сөздер тиісінше «ауылын», «ауылы», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3. «Салық салу мақсатында Жетібай және Мұнайшы кенттері аумақтарын аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 06 ақпандағы № 13/111 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 03 наурызда № 11-4-75 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2009 жылғы 11 наурызда № 11 (297) жарияланған) шешіміне:
      тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «кентін», «кенті», «кенттері», деген сөздер тиісінше «ауылын», «ауылы», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4. «Құланды селосы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 8/97 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 07 маусымда № 2250 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2013 жылғы 20 маусымда № 25 (536) жарияланған) шешіміне:
      Қазақ тіліндегі мәтіннің тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «селосы» деген сөздер «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады