Түпқараған ауданы бойынша 2013 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 113 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 мамырда № 2247 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы және «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Түпқараған ауданы бойынша 2013 жылға халықтың нысаналы  топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3) елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс жасамаған адамдар.
      2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары   Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсiн.
      4. Осы  қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                   Т.Т.Асауов 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Түпқараған аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Жарылгапова Оразгуль Бекиевна
      «13» мамыр 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады