Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 02 шілдедегі № 141-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 шілдеде № 2263 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 98-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 27.05.2019 № 98-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 03.09.2014 № 280-қ(жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Село және селолық округ әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Біләлов) Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Е. Әбілов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Е.Овезов

      02 шілде 2013 жыл

  2013 жылғы 02 шілдедегі № 141-қ
Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша

Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 03.09.2014 № 280-қ(жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ауыл және ауылдық округтің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Маңғыстау ауылы

1) "Маңғыстау" темір жол вокзалы аумағында ақпараттық стенд

2) Қоғамдық ұйымдар ғимараты аумағындағы ақпараттық стенд

Қызылтөбе ауылдық округі

"Қазпошта" акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы Қызылтөбе ауылдық округіндегі бөлімшесінің аумағындағы ақпараттық стенд

Баянды ауылы

№3 орта мектептің аумағындағы ақпараттық стенд

Басқұдық ауылдық округі

Басқұдық ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Атамекен ауылдық округі

Атамекен ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Дәулет ауылдық округі

Дәулет ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Батыр ауылдық округі

Батыр ауылдық округіндегі фельдшерлік акушерлік пунктінің аумағындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады