Қарабалық ауданындағы Шадықсай кен орнының № 902, № 903 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 27 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 ақпанда № 4025 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданындағы Шадықсай кен орнының № 902, № 903 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      __________ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Г. Оспанбекова
      "Қостанай облысы
      әкімдігінің табиғи
      ресурстар және
      табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасы"
      ММ бастығы
      _____ Қ. Төлеубаев
      Қарабалық ауданының әкімі
      _________ Ф. Филиппов

  Әкімдіктің
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 27 қаулысына
қосымша

Қарабалық ауданындағы Шадықсай кен орнының № 902, № 903 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзі-
нің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

Шека-
расы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы


902,
№ 903
ұңғы-
малар

Радиу-
сі -
әр
ұңғы-
маның
айна-
ласын-да 50
метр

0,785
гектар

Радиусі
- әр
ұңғыма-
ның
айнала-
сында
143
метр

6,42
гектар

Радиусі
- әр
ұңғыма-
ның
айнала-
сында
1015
метр

323,5
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Шадықсай кен орнының № № 902, 903 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары І, ІІ, ІІІ белдеулерінің санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады