Әкімдіктің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын, оның ішінде мүгедек балаларға, әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 80 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 2 сәуірде № 4081 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облыстық әкімдігінің 01.02.2017 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын, оның ішінде мүгедек балаларға, әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 тіркелген, 2007 жылғы 22 мамырда "Қостанай таңы", "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын, оның ішінде мүгедек балаларға, әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" деген мәтін жаңа редакцияда жазылсын:
      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы", орыс тіліндегі мәтін өзгертусіз қалады;
      2-1-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
облысының әкімі
Н. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады