Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 1 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 121 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 сәуірде № 4086 болып тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қарасу ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем Қарасу ауданы Жамбыл ауылдық округінің Западное ауылы таратылсын.
      2. Таратылған Западное ауылы Қарасу ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының құрамына енгізілсін.
      3. Жамбыл ауылдық округі Қарасу ауданының Жамбыл ауылы болып қайта құрылсын.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
_______________ Н. Садуақасов

Сессия төрағасы
________________ А. Сергеев


Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
_______________ С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады