2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 153 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 сәуірде № 4112 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 08-10/4884 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы әкімдігінің 28.11.2013 № 08-10/4884 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығының министрі
      _________ А. Мамытбеков

      Қостанай облысы
      әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы
      басқармасы
      ММ бастығы
      _____ Қ. Ғабдулин

Әкімдіктің       
2013 жылғы 15 сәуірдегі  
№ 153 қаулысына   
қосымша         

2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары

Басым ауыл
шаруашылығы
дақылдарының тізбесі

1 гектарға арналған көктемгі
егіс және егін жинау жұмыстарын
жүргізуге қажетті жанар-жағар
май материалдары мен басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
арзандатуға арналған
субсидиялардың нормалары, теңге

1

Жазғы бидай
Күздік бидай
Күздік қара бидай

350 (базалық норма бойынша)
800 (көтеріңкі норма бойынша)

2

Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық

400 (базалық норма бойынша)
800 (көтеріңкі норма бойынша)

3

Бұршақтұқымдас
дақылдар

400 (базалық норма бойынша)

4

Майлы дақылдар

3800 (базалық норма бойынша)

5

Картоп

30000 (базалық норма бойынша)
50000 (көтеріңкі норма бойынша)

6

Көкөнiстер

35000 (базалық норма бойынша)
60000 (көтеріңкі норма бойынша)
1500000 (барлық түрдегі
жылыжайларда топырақтың
қорғалған жағдайларында,
2 дақыл айналымы)

7

Бақша дақылдары

30000 (базалық норма бойынша)

8

Жемшөптік дақылдар,
оның ішінде бірінші,
екінші және үшінші
өсу жылдарындағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер

1000 (базалық норма бойынша)

9

Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін
егілген көпжылдық
шөптер

1000 (базалық норма бойынша)

10

Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс

1000 (базалық норма бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады