"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің Степное ауылы;
Жангелдин ауданы Қызбел ауылдық округінің Құмшық ауылы;
Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Тоғызақ ауылы.
2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Степное ауылы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі Ілияс Омаров атындағы ауылдың құрамына;
Құмшық ауылы Жангелдин ауданы Қызбел ауылдық округі Ошағанды ауылының құрамына;
Тоғызақ ауылы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округі Новошумное ауылының құрамына.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
Сессия төрағасы |
Қостанай облыстық |