Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылы 16 қазандағы № 450 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4314 болып тіркелді. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 543 қаулысымен. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      _______________ С. Байменова
      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және
      қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________ Г. Оспанбекова
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      ММ басшысы
      ________________ Қ. Төлеубаев
      Таран ауданының әкімі
      _____________ Б. Өтеулин

  Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 450 қаулысына қосымша

Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы
№ 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 20.10.2017 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І белдеу

ІІ белдеу

ІІІ белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 10137
ұңғыма

Ұзындығы – 87,7 метр

Барынша ені – 75 метр

0,61 гектар

Радиусы –

81 метр

2,06 гектар

Ұзындығы – 1562 метр

Барынша ені – 1040 метр

139,19 гектар

      Ескерту: алынып тасталды – Қостанай облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады