Әкімдіктің 2013 жылғы 16 қазандағы № 450 "Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 526 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қарашада № 7301 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 450 "Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі

      Тобыл-Торғай бассейндік

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Г. Оспанбекова

      2017 жылғы 20 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы Қоғамдық

      денсаулық сақтау департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ О. Бекмағамбетов

      2017 жылғы 20 қазан

  Әкімдіктің
2017 жылғы 20 қазандағы
№ 526 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 450 қаулысына
қосымша

Таран ауданының Береговое ауылындағы
№ 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І белдеу

ІІ белдеу

ІІІ белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 10137
ұңғыма

Ұзындығы – 87,7 метр
Барынша ені – 75 метр

0,61 гектар

Радиусы –
81 метр

2,06 гектар

Ұзындығы – 1562 метр
Барынша ені – 1040 метр

139,19 гектар

      Ескерту: "Қостанай облысы Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз суға арналған орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады