Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2013 жылғы 7 қазандағы № 171 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 қарашада № 4281 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 07.11.2014 № 265 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.09.2014 бастап туындаған қатынастарға таратады).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға арналған шығындар (бұдан әрі – оқытуға арналған шығындарды өтеу) ай сайын, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Мыналар анықталсын:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі –алушылар) көрсетіледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мынадай мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:

      мүгедек баланың қайтыс болуы;

      мүгедек баланың толық мемлекет қарауына берілуі;

      алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.

      Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтініш;

      алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      мүгедектігі туралы анықтама;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

      мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.04.2016 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратады); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 13.03.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Оқытуға арналған шығындарды өтеу тиісті оқу жылының ішінде жүзеге асырылады және әр кемтар балаға ай сайын көрсетіледі деп белгіленсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылдың 02 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Сессия төрағасы, № 2 сайлау
округі бойынша депутаты
М. Джантурин
      Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
Н. Халықов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ В. Константинов

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ Н. Дорошок

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады