Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 171 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 265 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қарашада № 5151 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 171 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4281 тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада "Наш Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты;

      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банктегі шоттың болуы туралы құжатты;

      мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таратады.

Сессия төрайымы, № 16 сайлау


округі бойынша депутаты

Т. Антонинова

Қостанай қалалық


мәслихатының хатшысы

Н. Халықов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады