Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 қарашадағы № 140 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда № 4339 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2021 жылғы 28 қазандағы № 64 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 28.10.2021 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша, тоқсан сайын әр балаға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін.

      2. Мыналар:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) тоқсан сайын көрсетіледі деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 14.05.2020 № 314 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Арқалық қалалық мәслихатының


кезектен тыс сессиясының төрағасы

Н. Хамзин

Арқалық қалалық


мәслихатының хатшысы

Н. Шалдыбаев

КЕЛІСІЛДІ:


"Арқалық қаласы әкімдігінің


жұмыспен қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы


________________ К. Омарова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады