Мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы № 140 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 мамырдағы № 314 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 9184 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2021 жылғы 28 қазандағы № 64 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 28.10.2021 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 - бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2013 жылғы 27 қарашадағы № 140 шешіміне (2014 жылғы 16 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Ержанов
      Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы Г. Елтебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады