РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімі аппараты басшысының 28.12.2013 № 2463-8-08 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі бекітілсін.
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық, қосылған құн салығы, еңбекке ақы төлеу және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері, қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар Лисаков қаласы бюджетінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ташпановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі В. Радченко
Әкімдіктің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 9 қаулысымен
бекітілген
Әкімдіктің
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 161 қаулысына
қосымша
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 21.05.2013 № 161 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ұйым- |
Жұмыстың |
Жұмыс- |
Жұмыстардың нақты |
Еңбегіне |
Қаржылан |
"Уста |
Қызметкер- |
72624 |
Қоғамдық жұмыстарға бір |
Айына |
Лисаков |