Әкімдіктің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 9 "2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 161 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 маусымда № 4149 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 9 "2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3998 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қаңтарда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Бурдыкаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М. Жүндібаев

Әкімдіктің      
2013 жылғы 21 мамыр 
№ 161 қаулысына   
қосымша       

Әкімдіктің      
2013 жылғы 22 қаңтардағы 
№ 9 қаулысымен    
бекітілген     

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі

Ұйым-
ның
атауы

Жұмыстың
түрлері

Жұмыс-
тардың
көлемі
сағат-
пен

Жұмыстардың нақты
жағдайлары

Еңбегіне
төленетін
ақының
мөлшері

Қаржылан
дыру
көзі

"Уста
плюс"
жауап-
керші-
лігі
шекте-
улі
серік-
тесті-
гі

Қызметкер-
дің алдын
ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін
талап
етпейтін,
Лисаков
қаласының,
Октябрь
кентінің,
Красногор
селосының
аумақтарын
санитарлық
тазалауға,
көгалдан-
дыруға
және абат-
тандыруға
қатысу

72624

Қоғамдық жұмыстарға бір
қатысушының жұмыс
уақытының ұзақтығы
аптасына 40 сағаттан
аспауға, Қазақстан
Республикасының еңбек
заңнамасында көзделген
шектеулерді ескере
отырып, екi демалыс күнi
бар бес күндiк жұмыс
аптасы белгiленуге,
күнделiктi жұмыс (жұмыс
ауысымы) iшiнде тынығуға
және тамақтануға
арналған ұзақтығы жарты
сағаттан кем болмайтын
бiр үзiлiс берiлуге
тиiс.
Ақылы қоғамдық
жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздарға Қазақстан
Республикасы-ның еңбек,
зейнетақымен
қамсыздандыру және
сақтандыру туралы
заңнамалық актілері
қолданылады.

Айына
жалақының
2 ең
төменгі
мөлшері

Лисаков
қаласы-
ның
бюджеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады