Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 01.07.2014 № 302 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 ақпандағы № 315 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-112 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков
қаласының әкімі М. Жүндібаев
КЕЛІСІЛДІ:
Лисаков қалалық
мәслихатының хатшысы
__________ Г. Жарылкасымова
Әкімдіктің
2013 жылғы 25 қазандағы
№ 476 қаулысына қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім
беру мамандары лауазымдарының
тізбесі
Білім мамандарының лауазымдары:
1) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
2) мектеп директоры;
3) оқыту, тәрбие жұмыстары бойынша мектеп директорының орынбасары;
4) қосымша білім беру педагогы;
5) педагог – психолог;
6) аға жетекші;
7) кітапханашы;
8) тәрбиеші;
9) музыкалық жетекші;
10) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
11) қазақ тілі оқытушысы;
11) әлеуметтік педагог;
12) медициналық бике.